Қазақстандағы баспасөздің қудалануын ерекше сүреттейтін оқиға – журналист Геннадий Бендицкийдің соты. Алматыда шығатын "Время" газетінің тілшісі Геннадий Бендицкий жоғары деңгейдегі сыбайласқан жемқорлық жөнінде жазады, оның мақаларында әдетте шатақ деректер көп айтылады. Журналистің сын қаламына ілінген басшылардың бірі, бұрынғы бас министр орынбасары Асығат Жабағин Геннадий Бендицкийді сотқа тартты. Тәуелсіз сарапшылар мұны журналиске жасалған қысым ретінде көріп отыр, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкімшіл-әміршіл үкіметі орнатқан тәртіпке сай саяси зорлық деп қабылдайды.