Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанда қарусыздандыру бағдарламасын бастап жатыр. Бұл мақсатқа 130 миллион доллар бөлінді.
Түркия сыртқы істер министрі Абдұлла Гүл келесі аптада АҚШ-қа сапар шегіп, вашингтондық әріптестерімен Ирақ мәселесіндегі серіктестікті талқылайды.
Ирақтан кезінде төнген қауіп әсіре сілтенді деген дау-дамай Британияда басталып, осы аптада Америка Құрама Штаттарында ерекше жаңғырық тапты.
Ауғанстан мен Пәкістанның арасындағы түсінбеушілік Исламабад елшілігін астан-кестен шығарумен ұласты.
Ирақ мәселесі әу бастан бекер көтерілді деген әңгіме Америка Құрама Штаттары мен Британияда осы аптада тағы серпіліс алды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канадаға жақын арада жасаған сапарында еліміздің мұнай өндірісі аса үлкен қарқынмен дамиды деп уәде айтты.
Ирақтағы АҚШ және Британия әскерлеріне соқтығу доғарылмай келеді. Бұл қарсылық бір жерден ұйымдастырылып отыр ма, әлде бұл жеке топтардың жеке әрекеттері ме?
Осы күндері өтіп жатқан тергеуде бұл сұрақтың шешімін табу өте маңызды. Саддам Хұсейннің билігінің кезінде адамдар Ирақта мыңдап жоғалып тұрды. Олардың тағдыры енді толық анықтала ма?
Нұрсұлтан Назарбаев "Файненшл таймс" газетіне сұхбат беріп, 2006 жылы президенттік сайлауға түсемін деп мәлімдеді. Бұл сұхбат 3 шілде күні жарияланды.
Европа одағының кезекті басшылығы шілде айынан Италия мемлекетіне тиді. Италияның бұл тұрғыда қандай табысқа қол жеткізері жеке бір тұлғаға - бас министр Сильвио Берлускониге байланысты болады дейді сарапшылар.
Ресейдің ИТАР-ТАСС агенттігі Вашингтонда Қасымжомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның күре тамыр әріптестігінің қазіргі жағдайына қанағат танытты деп сипаттады.
Каспий теңізінің болашақ мұнайынан шалқып байимыз деген Қазақстан мен Әзірбайжанның үміті ақтала ма?
Өкпенің өзгеше қабынуы ауруының алды алынған соң, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайды "қара тізімнен" шығарып тастады.
Америкада үстіміздегі аптада Қазақстан басшыларына қатысты коррупциялық сот тергеуі ашылды. Дәл осы шатақ жөнінде Британияның "Файненшл таймс" газетінде 25 маусымда үлкен мақала жарық көрді.
Америкада атышулы "Қазақгейт" шатағы сотта қаралып жатса, Венгрияда тағы бір тың шатақ шықты. Венгрияда тіркелген "Еурал Трансгаз" компаниясы арқылы қазақ және түркімен газының бір жарым миллиард доллар кірісі заңдастырылмақ болды.
Иракта осы аптада Британия әскерилеріне шабуыл жасалып, алты сарбаз қаза тапты. Бұл оқиға тыйылмай жатқан қарсылықтың себебтеріне тағыда қалың жұртшылықтың назарын аударды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы күндері Канада мемлекетінде жүр. Қазақстанның негізгі бұқаралық ақпарат құралдары сапар барысын сәтті деп сипаттаса да, іс жүзінде олай болмай тұр.
Сәрсенбі күні Вашингтонда АҚШ пен Европа одағының жылдық саммиті басталады. Бұл жиынның мәні – екі алып серіктес Ирак мәселесінен басталған араздықты біржолата доғаруға тырысады. Ауыл шаруашылық реформасына шейін кең көлемдегі басқа мәселелер мұқият қаралмақ.
Европа одағының Порто Каррас саммитінде ұйымның Балкан түбегіне қарай кеңеюі сөз болды.Әлі де болса құбылмалы Батыс Балкан аймағының Европа одағына қосылуы тұрақтылықтың негізі ретінде қаралды. Заңсыз миграция да назарда ілінді.
Әр көктемде Тәжікстан азаматтары елде жұмыс болмаған соң Ресейге қаңғып кетеді. Тәжікстанда басталатын олардың ауыр хиқаялары Ресейде жалғасын табады. Тәжік жұмыскерлерінің аяулы халін екі ел арасындағы келісімдердің орындалмайтыны тағы қиындата түседі.
Тағы