Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы саясат мекемелері шекарада оқ атысқан жайсыз оқиға турасында бір-біріне ашуға толы мәлімдемелер жолдаған-ды, дегенмен де екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас біраздан бері онсыз да күрделеніп келе жатқан болатын.
Қырғыз үкіметінің диабет науқасына шалдыққандар үшін ауадай қажетті инсулин дәрісін сатып алуға қаржы таппай отырғаны, алдағы күнде елдегі бұндай сырқаттардың керек дәрілеріне қол жеткізе алмай қалу қорқынышын күшейтіп отыр.
Түркімен оппозициясының бірігуі – өзгерістер жасау үшін жетіспей тұрған байланыстың орнын толтыруы мүмкін.
Ирақ тұрғындарын азықтандыруға арналған Азық-түлік үшін мұнай бағдарламасы енді екі айдан кейін біртіндеп жабылуға бағытталған.
Ресейдің үкіметі төрт жыл бойына Шешенстанда соғыс жүргізді. Ал осы уақытта екінші шайқас сот залдарында жүріп жатты.
Қырғызстан президенті Асқар Ақаев өз елі мен Ресей арасындағы жақын қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты әрдайым жақтап келеді.
Дүйсенбі күні БҰҰ-ы Бас ассамблеясының арнайы сессиясында оған мүше мемлекеттер ВИЧ/СПИД эпидемиясымен жаппай күресуге дайын екендіктерін тағы да қайталап мәлімдеді.
Соңғы жылдары Ресей мен бұрынғы Совет одағының елдерінде ВИЧ/СПИД эпидемиясының адам өміріне төндірген қауіп-қатері қаншалықты ұлғайып кетсе де, оның экономикалық салдарлары қалай болатындығы ешқашан талқыланған емес.
Әлемдік банк Орталық Азия мен Шығыс Европаның жетекшілерін ВИЧ/СПИД дертінің етек алып бара жатқанына қарсы ықпалды шаралар қолдануға шақырды.
Европа одағында Мексиканың курортты аймағы Канканда бес күнге жалғасып, бірақ нәтижесіз аяқталған ғаламдық сауда келіссөздері жөніндегі келісімдердің сәтсіздігі жайында сөз болуда.
Беларуссия президенті Александр Лукашенко елдің барлық кәсіпорындары мен мекемелерінде директорлардың идеология жөніндегі өкілі қызметін енгізуге бұйрық берді.
Әдетте компьютер тілінде "спам" деп аталатын Интернет қолданушыларға тегіннен-тегін жіберіле беретін жарнамалық-коммерциялық электронды пошта бақылаудан шығып барады.
АҚШ мемлекеттік департаменті БҰҰ-ның арнайы мандаты болмаса да, Ирақты қалпына келтіру жолындағы бейбіт жасақтар қатарына қатысуға 30-дан астам елдің келісім бергендігін айтты.
Каспий теңізіндегі бүкілдүниежүзілік ең үлкен мұнай жобасы болып табылатын Қашаған мұнай кен орнын игеру жүмысы Қазақстан үкіметі мен оны игеруге қатысып жатқан мұнай компанияларының арасында туындаған дау-жанжал кесірінен бес айдан бері тоқтап қалды.
Британия мұсылмандары АҚШ-қа жасалған 11 қыркүйек шабуылынан кейінгі уақытта өздеріне деген жаулық қарым-қатынас, жек көрушілік көзқарастың ұлғайып бара жатқаны турасында айтады.
Иран көршілес Ауғанстанда Талибан жүйесі құлатылған соң қашып шыққан Әл-қаида ұйымының бірнеше басшы тұлғаларын ұстап отырғандықтары жөнінде бірінші рет мәлімдеген.
Ирақтағы АҚШ әскерлеріне күн сайын шабуылдардың жасалуы мұндағы қауіпсіздікке деген алаңдаушылықты күшейтіп отыр. Енді Саддам Хуссейіннің екі ұлы өлтірілген соң, мұндай қастандықтар одан әрі де ұлғая түсе ме, деген де қауіп жоқ емес.
Адам хұқтары ұйымы Бағдад пен Ирақтың басқа да қалаларындағы қауіпсіздік жағдайының нашарлығынан әйелдер мен қыздар өздігінен көшелерге, сыртқа шығудан шектеледі, өйткені оларда ұрлап, бір жаққа зорлықпен алып кетеді деген қорқыныш басым дейді.
Ауғанстандағы үкіметтік емес ұйымдар елде әйелдер мен балалар арасында есірткі қолданушылар қатарының көбейіп бара жатқанына қатты алаңдаушылық білдіруде.
Тағы