БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхит аймағына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы Каспий бассейні мен Орта Азия мемлекеттерін экономикасы қарқынды дамып бара жатқан елдер деп атады. Кеше жарық көрген баяндамада Әзірбайжан экономикасы 2007 жылы кемінде 30 процентке өседі деп сипатталса, Түркменстан экономикасының даму қарқыны 14 процент деп, ал Қазақстан экономикасы 10,5 процент деп атап көрсетілген. Дегенмен де комиссия өзінің осы баяндамасында экономиканың мұндай табысты болуы мұнай бен газ, көмір сияқты бағалы табиғат байлықтарының арқасы екендігін де ескертіп өткен.