Тегеран қаласында өтетін Каспий саммитіне Иран, Қазақстан, Ресей, Түркіменстан және Әзірбайжан президенттері жиналып, теңіз қорларын пайдалану тәртібін белгілемек. Каспий теңізінің заң мәртебесі 1992 жылдан бері анықталмай келеді. Совет Одағы тарап, Каспий теңізінің жағалауында екі мемлекет емес, бес мемлекет пайда болғандықтан теңіз байлықтарын бөлісу мәселесі де шықты.